Maм 06, 2023 17:35 Asia/Almaty

Нью-Йоркте америкалық осы қаланың метросында тағы бір қара нәсілді адамның өліміне қарсы шерулер өтті

АҚШ теңіз жаяу әскері болып табылатын ақ нәсілді адам басқа жолаушылардың көзінше Джордан Нили есімді үйсіз қара жігітті тұншықтырып өлтірді. Бейнежазбада қара нәсілді жас жігіттің дем алуға қиналып жатқанын, ал басқа адам оны жерге құлатып тұрғанын көрсетеді. Америка билігі 30 жастағы Джордан Нилидің өлімінің себебін мойынның қысылуынан (тұншығу) деп жариялады. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Нью-Йорктегі шерушілер ұрандар айтып, әділеттілікті талап етіп,  Джордан Нилидің  өлтірілуін айыптады. Нью-Йорктегі демонстранттар бұл оқиға Джордан Нили сияқты тұншығып өлтірілген Джордж Флойдтың өлімін еске түсіретінін айтты.

Тегтер