Раиси: Мәдени ортақтықтар Иран мен Өзбекстан арасында ынтымақтастықты дамытуға қолайлы мүмкіндік береді
Иран Президенті Өзбекстан Парламентінің төрағасымен кездесуінде екі ел арасындағы мәдени-өркениеттік ортақтықтарды өзара экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қолайлы мүмкіндік деп атады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Теһранда Нурдинжон Исмоиловпен кездесуінде: "Иран мен Өзбекстан арасында 18 ынтымақтастық меморандумы мен келісіміне қол қойылды. Осы келісімдер тездетіп орындалса, өзара байланыс деңгейі әлдеқайда артады",-деді.
Раиси: "Өткен жылы Иран мен Өзбекстан арасындағы саяси-экономикалық байланыстың жағдайы бұрынғы жылдармен салыстырғанда өзгеше болғанымен, екі елдің әлеуеттерін ескере отырып, өзара сауда-экономикалық байланысты арттыру үшін еселене талпыныс жасау керек",-деді.
Нурдинжон Исмоилов та осы кездесуде ИИР-дың көршілес елдермен қатынасты дамытуға қатысты сыртқы саясатын мақтап: "Өзбекстанда да осы принципті саясат негізінде конституцияға өзгеріс енгізіліп, көршілес елдермен қарым-қатынасты дамытуға басымдық беріліп отыр",-деді.