Maм 08, 2023 19:56 Asia/Almaty
  • Иранның хоккейден әйелдер командасы Азия чемпионатында екінші орын алды

Иранның әйелдер командасы жексенбі күні ересек әйелдер арасында хоккейден өткен Азия чемпионатының финалында Тайланд командасынан жеңіліп, алғаш рет екінші орын алды.

Иранның хоккейден әйелдер командасының Азия чемпионатындағы соңғы кездесуінде Тайланд командасымен ойнап, 3:1 есебімен жеңілді.

Иранның әйелдер командасы іріктеу кезеңінде Үндістан, Кувейт және Қырғызстан командаларын жеңіп, ширек финалда БАӘ-нің командасынан басым түсіп, жартылай финалда Сингапурды артта қалдырып, алғаш рет Азия чемпионатының финалына шықты. Алайда финалда жеңіліп, күміс жүлде алды.

Тегтер