Фатима Кешаварз ауыр атлетикадан Азия чемпионатында екі қола жүлде алды
(last modified Mon, 08 May 2023 16:43:04 GMT )
Maм 08, 2023 22:43 Asia/Almaty
  • Фатима Кешаварз ауыр атлетикадан Азия чемпионатында екі қола жүлде алды

Иранның зілтемірші қыздар командасының мүшесі ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 64 кг салмақтағылар арасында екі қола жүлде алды.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатының 64 кг салмақтағылардың А тобында Фатима Кешаварз Қазақстан, Түрікменстан (2 адам), Қытай, Тайбей, Сингапур, Моңғолия мен Бангладеш зілтеміршілерімен бақ сынасты.

Фатима Кешаварз жұлқа тартуда 85 кг көтеріп, бесінші орынға табан тіреп, жүлдеден құр қалды.

Фатима Кешаварз екі сатылы серпе көтеруде 105 келілік зілтемірді бағындырса, екінші әрекетте 109 келі, үшінші талпыныста 113 келі көтерді.

Фатима Кешаварз серпе көтеруде 109 кг рекорд көрсетіп, Моңғолия мен Түрікменстаннан кейін үшінші орынға тұрақтап, қола жүлде алды. Жалпы 194 кг тіркеп, екінші қола жүлдеге ие болды.