Блинкен: Украина армиясына бар күш-қуатымызбен көмектесеміз
(last modified Fri, 12 May 2023 12:22:57 GMT )
Maм 12, 2023 18:22 Asia/Almaty
  • Блинкен: Украина армиясына бар күш-қуатымызбен көмектесеміз

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Ақ үйдің соғысқұмар саясатын жалғастырып, Украинаға қолдау білдіріп: "Вашингтон мен оның одақтастары Киевтің соғыс алаңындағы барлық тапшылықтарын өтеуге дайын",-деді.

Энтони Блинкен бейсенбі күні кешке Украина армиясын қолдайтынын тағы да айтып: "Вашингтон Украина армиясын қару-жарақпен қамтамасыз етуге барын салады",-деді.

Блинкен Украинаны соғысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін АҚШ әлемнің 50 елімен әріптесіп жатқанын айтып: "Соғыстың болмысы, қақтығыс болып жатқан аймақтың ерекшелігі және қажетті заттарды ескеріп, Украина армиясын қажет нәрсенің  бәрімен қамтамасыз ететінімізге сенімдіміз",-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы сондай-ақ Ұлыбританияның Украинаға ұзақ қашықтыққа арналған зымырандар беруге шешім қабылдағанын айтып: "Вашингтон бұл зымырандардың Украинаның әскери қажеттілігін өтейтініне сенімді",-деді.