Иран СІМ: 1948 жылғы 14 мамыр адамзат тарихындағы ең ауыр оқиғалардың бірін еске түсіреді
(last modified Mon, 15 May 2023 16:38:52 GMT )
Maм 15, 2023 22:38 Asia/Almaty
  • Иран СІМ: 1948 жылғы 14 мамыр адамзат тарихындағы ең ауыр оқиғалардың бірін еске түсіреді

Иран Сыртқы істер министрлігі Нәубет күніне орай жасаған мәлімдемесінде: "1948 жылғы 14 мамыр адамзат тарихындағы ең ауыр оқиғалардың бірін, яғни Батыс Азия стратегиялық аймағы мен ислам әлемінің жүрегінде обыр ісігінің қалыптасқанын еске түсіреді",-деді.

Иран Сыртқы істер министрлігі жексенбі күні: "Палестинаның жапа шеккен халқын қолдау үшін ислам үмбеті бірігіп, әлемдегі азаттықты сүйетін барша  халық пен үкіметтер шынайы ерік-жігері танытуы тиіс",-деп жазды.

Осы мәлімдемеде: "Бұл сұрқия құбылыс соңғы жүз жылда әлемде ең ұзақ әрі қайғылы саяси-гуманитарлық дағдарыстың туындауына және әлемде тынышсыздықтың артуына, өткен 75 жылда Палестина жерінің жүйелі түрде басып алынуына, палестиналықтарға геноцид жасалуына, осы қасиетті жер тұрғындарының ең қарапайым құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтырды",-делінген.  

Тегтер