Иран мен Ресей ұйымдасқан қылмыстар және лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестікті нығайтуы тиіс
(last modified Tue, 16 May 2023 14:44:08 GMT )
Maм 16, 2023 20:44 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей ұйымдасқан қылмыстар және лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестікті нығайтуы тиіс

Иран мен Ресейдің Жоғары сот төрағалары екі елдің ұйымдасқан қылмыстар және лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестігін нығайту керегін баса айтты.

Иранның Жоғары сот төрағасы Ахмад Мұртазави Мәскеуде Ресейдің Жоғары сот төрағасы Вячеслав Лебедевпен кездесуінде екіжақты қарым-қатынастың даму үдерісіне тоқталып, басқа салалармен бір мезгілде сот саласында қарым-қатынасты дамыту керегін айтты.  

Иранның Жоғары сот төрағасы осы кездесуде Ресейдің Жоғары сотымен екіжақты меморандумның алғынұсқасын өзінің ресейлік әріптесіне ұсынды.

Ахмад Мұртазави Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше екеніне тоқталып, ұйымдасқан қылмыстар және лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестікті нығайту керегін баса айтты.

Вячеслав Лебедев те осы кездесуде Мәскеудің Теһранмен қарым-қатынасты дамытуды қалайтынын айтып: "Иран ұсынған сот саласындағы байланысты дамыту туралы екіжақты меморандумның алғынұсқасын қарастырамыз. Біз әріптестікті нығайтуға дайынбыз",-деді.

Тегтер