Қырғызстан мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюін қуаттады
Қырғызстан Премьер-Министрі Алматыда өтіп жатқан «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумы аясында қазақстандық әріптесімен кездесіп, әңгімелесті.
Алматыда «Еуропалық Одақ және Орталық Азия» екінші экономикалық форумы өтті. Бұл экономикалық форумда Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Еуропалық Одақ, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жоғары лауазымды тұлғалары сауда қатынастарын кеңейту туралы талқылап, пікір алмасты.
Бұл кездесуде Қырғызстан Премьер-Министрі мен оның қазақстандық әріптесі екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ екі ел арасындағы былтырғы келісімдер мен меморандумдарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Жапаров екі елдің ресми тұлғаларының өткен жылғы өзара сапарлары қарым-қатынастарды дамытуға көбірек себеп тудырғанын және бүгінгі кездесудің де екі ел ынтымақтастығының болашақ перспективаларын анықтауға жақсы мүмкіндік екенін айтты.
Бұл кездесуде Смайылов Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ерекше тоқталды.
2021 жылы қарашада Бішкекте «Еуропалық Одақ пен Орталық Азия» бірінші экономикалық форумы өтті.