Maм 21, 2023 20:07 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Араб лигасы басшыларының отырысында қабылданған қарарлардағы кейбір уәждерге реакция білдірді

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Араб лигасы басшыларының 32-ші отырысында қабылданған қарарлардағы кейбір уәждер мен тағылған айыптарға реакциясында терең өкініш білдіріп, аталмыш уәждерді Араб лигасының бұрынғы сәтсіз жолды жалғастыруы деп атады.

Насер Канани: "Араб лигасы өз қарарларында қайталамалы және жалықтыратын уәждерден бас тартып, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтып, интеграцияны арттыратын жаққа қарай оң әрі сындарлы қадам басады деп күтілген еді",-деді.

Насер Канани аймақтағы кейбір елдердің ортақ түсіністік пен диалогқа басымдық беріп, әріптестікті арттыруға бет бұрғанына қолдау білдірді.

Насер Канани: "Иранның оңтүстігіндегі Парсы шығанағында орналасқан Тонб-е бозорг, Тонб-е кучек және Әбу Мұса атты үш аралдың Иранға тиесілі екенін айтып: "Иранның барлық іс-әрекеті өз территориясының тұтастығын сақтауға бағытталған. Бұған қатысты кез келген уәж теріске шығарылады",-деді.

Тегтер