Maм 26, 2023 16:48 Asia/Almaty
  • Медведев  Украинаны ядролық қарумен қамтамасыз ету туралы ескерту жасады: Біз алдын ала соққы жасаймыз

Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары: «Украинадағы соғыс ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Еуропа есін жоғалтып, қате шешімдермен жағдайдың нашарлауына себепкер болуда»,- деді.

Вьетнамға сапармен барған Медведев баспасөз мәслихаты барысында: «Егер Батыс Украинаны ядролық қарумен қамтамасыз етуге шешім қабылдаса, Ресей оның алдын алу үшін алдын ала соққы беруге мәжбүр болады»,- деп мәлімдеді.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол сондай-ақ қазіргі жағдайда Батыс елдері Киев режимін Ресейге қарсы күресу үшін жеткілікті мөлшерде қырғи ұшақтар береді, сонымен қатар, олар тіпті ядролық қарумен де қамтамасыз етуі мүмкін деп болжады.

Бұған дейін Ұлыбритания үкіметі Киевке Ресейге қарсы соғысқа әскери көмек ретінде Украина армиясын құрамында әлсіреген және радиоактивті ураны бар оқ-дәрілермен қамтамасыз ететінін мәлімдеген.

Тегтер