Maм 30, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • ОПЕК бас хатшысы Иранның мұнай нарығына  толықтай оралуын құптайды

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы бұл ұйымның Иранның санкциялар жойылғаннан кейін мұнай нарығына толықтай оралуын құптайтынын айтты.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы Хайтам әл-Гайс: " Иран ОПЕК-тің мүшесі, бірақ АҚШ санкцияларына байланысты елдің мұнай экспорты шектелді",- деді. Теһранға сапар шегуді көздеп отырған ОПЕК бас хатшысы: «Иранның қысқа мерзімде көп мөлшерде мұнай өндіруге және халықаралық мұнай нарығына шығуға мүмкіндігі бар",- деп айтты. ОПЕК-тің Бас хатшысы ОПЕК-ке мүше елдердің ерікті өндірісті қысқартуы және оның мұнайдың әлемдік бағасына әсері туралы: " Әрекеттер мен шешімдер әлемдік мұнай сұранысы мен ұсынысы арасында жақсы теңгерімді құру мақсатында қабылданады",- деп мәлімдеді.

Сауд Арабиясы мен ОПЕК+ альянсының басқа мүшелері өткен сәуірде өндірісті тағы 1,2 миллион баррельге қысқартатынын мәлімдеді.

 

Тегтер