Maм 31, 2023 18:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Түрікменстан 5 ынтымақтастық құжатына қол қойды

Иран Президенті мен Түрікменстанның Халық мүддесі кеңесі төрағасының қатысуымен екі елдің жоғары лауазымды басшылары әртүрлі салаларда 5 ынтымақтастық құжатына қол қойды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Түрікменстанның Халық мүддесі кеңесінің төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың қатысуымен өткен жиналыста екі ел арасында транзит және халықаралық дәліздер, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, электр қуаты, білім беру және инвестиция салу салаларында ынтымақтастық құжаттарына қол қойылды.

 

Тегтер