Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы: Иран мен Түрікменстан өзара экономикалық қарым-қатынас деңгейін жоғарылатуы керек
(last modified Wed, 31 May 2023 14:28:07 GMT )
Maм 31, 2023 20:28 Asia/Almaty
  • Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы: Иран мен Түрікменстан өзара экономикалық қарым-қатынас деңгейін жоғарылатуы керек

Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы: "Иран мен Түрікменстан өзара экономикалық қарым-қатынас деңгейін қазіргі жағдайдан едәуір жоғарылатуы керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла Садық Амоли Лариджани Түркіменстанның Халық мүддесі кеңесінің төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесуінде Түрікменстанда қуат көздерінің молдығына және достық бөгетінің салынғанына тоқталып, екі елдің экономикалық әріптестігін тереңдетіп, кеңейту керегін айтты.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Түрікменстан басшыларының діни-мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрге көңіл болып жатқанын алғыс айтып: "Тарихи және діни мәдениет пен болмысқа көңіл бөлу елдің абырой-айбынын сақтауға өте қажет. Өйткені Батыс елдері аймақтағы мұсылман елдердің мәдениеті мен болмысына шабуыл жасап жатыр",-деді.

Түркіменстанның Халық мүддесі кеңесінің төрағасы су мәселесінің аймақтың ең үлкен түйткілі екенін және кейбір елдердің халықаралық заңдарды бұзғысы келетінін айтып: "Түрікменстан Ираннан үлгі алып, ел мүддесін ойлайтын ақсақалдар кеңесін құрды",-деді.

Тегтер