Маусым 02, 2023 20:00 Asia/Almaty
  • АҚШ армиясы әуе күштері академиясының оқу бітіру рәсімінде Джо Байден шалынып құлады

АҚШ-тың 80 жастағы Президенті Джо Байден бейсенбі күні Колорадода АҚШ армиясы әуе күштері академиясының оқу бітіру рәсімінде құттықтау сөз сөйлеп болғаннан кейін сахнада тепе-теңдігін жоғалтып, құлап түсті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қарулы күштері бас қолбасшысының жерге құлауы көрермендердің таңданысын тудырды. Оққағарлар Джо Байденді тез тұрғызып алды.

Ақ үй АҚШ Президентінің жерге құлағаннан кейінгі физикалық жайлы пікір білдірмеді. Алайда бір тілші осы оқиғадан бірнеше минут өткен соң: "Байденнің халі жақсы сияқты",-деді.

Ақ үйдің байланыс директоры Бен Лаболт бейсенбі күні кешке: "АҚШ Президентінің денсаулығы жақсы. Сахнада жатқан бір қап құм оның құлауына себеп болды",-деді.

Тегтер