Маусым 04, 2023 12:38 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен еуропалық тараптар арасындағы мақсатты және тиімді диалогтар алыс емес

Иран Сыртқы істер министрі: "Бельгияның Еуропалық Одақтағы рөлін ескере отырып, өзара құрметтің  аясында мақсатты және тиімді диалогтар құру Иран Ислам Республикасы мен еуропалық тараптардың күн тәртібіне қойылады деп күтуге болады",- деді.

Бельгияның Сыртқы істер министрі Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті. Иранның Сыртқы істер министрі екі елдің тұтқындарын босатуға себеп болған бірлескен күш-жігердің нәтижесіне ризалығын білдірді.

Амир Абдуллахиан екі жақтың қарым-қатынастарында, сондай-ақ Иран мен Еуропаның қарым-қатынастарында жаңа бет ашуда соңғы дамудың ықпалынан үміттенетінін білдірді: "Бельгияның Еуропалық Одақтағы рөлін ескере отырып, өзара құрметтің  аясында мақсатты және тиімді диалогтар құру Иран Ислам Республикасы мен еуропалық тараптардың күн тәртібіне қойылады деп күтуге болады".

Бельгия Сыртқы істер министрі де осы сұхбатта Иран Ислам Республикасының еуропалық тұтқындар мәселесін шешуге көмектесуін жоғары бағалады.

 

Тегтер