Маусым 05, 2023 19:54 Asia/Almaty
  • Тайвань бұғазында АҚШ эсминеці Қытайдың әскери кемесімен бетпе-бет келді

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Қытайдың әскери кемесі Тайвань бұғазында АҚШ эсминеціне 137 метрге жақындады.

Қытай АҚШ үкіметін аймақта қасақана текетірес тудыруға тырысты деп айыптады.

Жексенбі күні болған текетірес АҚШ пен Канаданың әскери кемелері Тайвань бұғазынан өткен кезде орын алды.

АҚШ пен Канаданың теңіз күштері: "Сенбі күні осы елдің әскери кемелері ортақ миссияда Тайвань аралын Қытайдан бөліп тұрған су өткелінен өтті",-деді.  

Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Бірақ Қытайдан бөлінгісі келеді. Батыс елдері бұл уәжді ресми танымады.

Тегтер