Тель-Авив Иранда литий қоры табылғанына алаңдап отыр
Геосаяси мәселелер жөніндегі сарапшы Анат Хохберг Марум "Маарив" сионистік газетіне берген сұхбатында: "Иранда литий қорының табылуы аймақта күш-құдірет теңгерімінің өзгеруіне себеп болып, Теһранға бұрын-соңғы болмаған геосаяси және экономикалық позиция бере алады",-деді.
"Маарив" газеті: "Иранның әскери қуаты, араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысырмен қарым-қатынасты қайта бастауы және осы елдің Үндістан мен Пәкістан сияқты елдермен бірге теңізде әскери жаттығулар өткізуі Израильді алаңдатып отыр",-деп жазды.
Иранда литий кенінің табылуы бұл металдың электроникалық құралдарға, соның ішінде электромобиль, ноутбук, ұялы телефон, күн панельдері мен қосалқы жабдықтарға батарея жасау және қуат сақтау саласында өте бағалы болуына байланысты "тәж жауһарын" тапқанмен бірдей.
"Маарив" газеті литий кенінің табылуы Иранға экономика және энергетика салаларында бұрын-соңғы болмаған мүмкіндік беретінін мойындады.