Канани: Санкцияларды жою туралы ешқандай уақытша келісім күн тәртібінде тұрған жоқ
(last modified Mon, 12 Jun 2023 13:10:05 GMT )
Маусым 12, 2023 19:10 Asia/Almaty
  • Канани: Санкцияларды жою туралы ешқандай уақытша келісім күн тәртібінде тұрған жоқ

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы санкцияларды жою туралы келіссөздердің негізін сол қол қойылған келісім деп атап: "Кейбір ақпарат құралдарының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орнын алмастыратын уақытша келісім туралы болжамдарын растамаймыз",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күні баспасөз отырысында Иран мен АҚШ арасында санкцияларды жою туралы келіссөздерді жалғастыруға қатысты хат алмасылғаны жайлы болжамдарға тоқталып: "Иран өзінің ішкі әлеуеттеріне және көршілес елдермен ауқымды қарым-қатынас жасауға сүйеніп, санкцияларды залалсыздандыру саясатын ұстанып отыр. Бірақ зұлым санкцияларды жою мақсатында дипломатиялық үдерістерден бас тартпады",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Араағайын және дос елдер арқылы түрлі сатыларда қарсы тараптармен хат алмасу және дипломатиялық кеңесулер жалғасып жатыр. Иран ұлттық мүддені барынша қамтамасыз ету үшін ешқашан келіссөздер үстелін тастап кетпейді. Келіссөздер нәтиже беруі үшін әрекет етуге дайын екенін әрдайым көрсетіп келеді",-деді.

Канани Иранның Гильменд суын тұтыну құқығы жайлы сұраққа жауабында: "Ауғанстанның уақытша үкіметімен осы тақырыпта жақсы сұхбат жүргізіп, ауған тарапы осы салада жаңа оң қадамдар жасап, тиісті техникалық шаралар атқаруға келісті",-деді.