Маусым 14, 2023 16:54 Asia/Almaty
  • Раиси: Венесуэла Ұлттық Мәжілісі Иранмен және басқа да тәуелсіз елдермен қарым-қатынасты жалғастыру үшін күшті қолдау болып табылады

ИИР Презиенті: «Венесуэла Ұлттық Мәжілісі ИИР және тәуелсіз елдермен қарым-қатынастарды жалғастыру үшін күшті қолдау болып табылады және екі елдің парламенттерінің ынтымақтастығы бұл қарым-қатынастарды нығайтады»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ибрахим Раиси сейсенбі күні Венесуэла Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Хорхе Родригеспен кездесуінде: «Екі елдің ортақ қасиеті – тәуелсіздікке, еркіндікке, әділдікке ұмтылу»,- деп айтты.

ИИР Президенті Иран мен Венесуэла арасындағы қарым-қатынас деңгейінің өте терең және сындарлы екеніне тоқталып: «Иран делегациясының Каракасқа сапары екі ел мен екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту үшін бетбұрыс кезеңі болуы керек. ИИР империализммен күресудің үлгісі және Ислам революциясы даму бағытында тәуелсіз елдер үшін жақсы үлгі бола алады»,- деп баса айтты.

 

 

 

Тегтер