Маусым 14, 2023 16:59 Asia/Almaty
  • Раиси Венесуэла жастары арасында: Жаңа тәртіп гегемонияны іздейді, қарсыласу - жауды жеңудің жалғыз жолы

Иран Президенті дұшпанмен күресудің жолы қарсыласу екеніне тоқталып: «Біз хаоықтардың барлық материалдық және рухани мүдделерін тонауды көздеген жауға бағынбауымыз керек»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің  хабарлауынша, Ибрахим Раиси Венесуэла элиталары мен студенттерінің басқосуында: «Дұшпанға берілу арқылы ол шегінеді деген ой мүлде қате. Иран халқының тәжірибесі дұшпанға қарсы тұрудың жалғыз жолы – тік тұрып, тойтарыс беру екенін көрсетті»,- деп баса айтты. Иран Президенті әлемді билеп тұрған жаһандық тәртіп үстемдік жүйесі қалаған тәртіп деп: «Бұл тәртіп тек әлем елдеріне үстемдік етуді көздейді. Олар бүкіл әлемнің материалдық ресурстарын өз мақсаттарына пайдалану керек деп санайды»,- деп мәлімдеді.

 

 

 

 

Тегтер