Маусым 17, 2023 17:26 Asia/Almaty

АҚШ президенті тағы бір рет Құдайдан қайтыс болған Англия патшайымын сақтауын сұрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі жағдайларда талай рет күлкіге ұшырап келеке-мазақ еткен АҚШ президенті Джо Байден соңғы жаңылысында қайтыс болған Англия патшайымына денсаулық тіледі. 2020 жылғы сайлау жарысына кіргеннен бері Байденді қарсыласы Дональд Трамп физикалық денсаулығы жоқ және деменциямен ауырады деп айыптады. Америкадағы түрлі сауалнамалардың нәтижелері де американдықтардың көпшілігінің Байденнің денсаулығына алаңдайтынын көрсетеді.

Америка президенті Хартфорд университетінде жұма күні  30 минут бойы қару қауіпсіздігін қорғаушылар мен қарулы зорлық-зомбылықтан аман қалғандардың алдында сөз сөйлеп,  сөзін: «Дұрыс па? Құдай патшайымды сақтасын»,- деп аяқтады.

Твиттерде «Құдай патшайымды сақтасын» деген сөз тез тарады, көбісі өздерінің абдырап қалғанын айтып, президенттің бұл сөзін сынады.

 

Тегтер