Маусым 21, 2023 20:54 Asia/Almaty
  • CAFA ұлттар кубогының екі жүлдесі Мехди Торамидың қолында

Иранның ұлттық футбол командасының жұлдызы CAFA ұлттар кубогының басты екі жүлдесін жеңіп алды.

Иранның ұлттық футбол командасы кеше CAFA-2023 ұлттар кубогының финалында Өзбекстан командасымен ойнап, 1:0 есебімен басып түсіп, жеңімпаз атанды.

CAFA ұлттар кубогының Твиттердегі ресми парақшасы бүгін Мехди Торамидың екі жүлде алып тұрған суретін жариялады.

CAFA ұйымы турнирдың ең үздік гол салушысы және ең үздік ойыншысы жүлделерін Порту командасының ирандық жұлдызына табыс етті.

Мехди Торами бұл сайыста жарқырай көрініп, 6 гол соқты.

Тегтер