Энрике Мора Иран тарапымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы қысқаша сұхбаттасты
(last modified Thu, 22 Jun 2023 10:54:00 GMT )
Маусым 22, 2023 16:54 Asia/Almaty
  • Энрике Мора Иран тарапымен

Еуроодақ сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары Энрике Мора сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Әли Бағеримен қысқаша сұхбаттасқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Энрике Мора осы жазбасында: "Бұл сұхбатта екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелердің ауқымды бөлігі, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздерді ілгерілету жолдары, Парсы шығанағына қатысты стратегиялар талқыланды",-деді.

Әли Бағери сәрсенбі күні әлеуметтік желіде: "Дохада Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары Энрике Морамен байсалды да конструктивті жиналыс болды. Бірсыпыра тақырып, соның ішінде  санкцияларды жоюға арналған келіссөздер туралы пікір алмастық",-деп жазды.

Әли Бағери бұған дейін Еуропаның үш елі – Франция, Германия мен Ұлыбританияның саяси басшыларымен Ослода кездесіп, сұхбаттасқан.

Соңғы күндеі Иран мен Батыс елдерінің келіссөздері туралы ақпарат көп таралып жатыр.

Лондонда шығатын The Financial Times газеті өз мақаласында: "АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Роберт Молли жуырда Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Ираванимен бірнеше рет кездесті",-деп жазды.

Тегтер