Маусым 23, 2023 17:36 Asia/Almaty
  • Ресей Қорғаныс министрлігі: Киевтің Ресейге қарсы шабуылында 13 000 украин әскері қаза тапты

Соңғы бірнеше күнде 13 мың украин әскері қаза тауып, 246 танк, 595 бронды техника, 10 тактикалық жойғыш, төрт тікұшақ, 264 ұшқышсыз ұшақ, 279 батыс артиллериялық жүйесі және Украинаның екі әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Бұл туралы Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушев президент Владимир Путин мен Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың қатысуымен өткен Қорғаныс министрлігі мен Ресей барлау ұйымының бірлескен отырысында баяндама жасаған кезде соңғы бірнеше күндегі Ресейге қарсы шабуыл кезінде Украина күштері мен әскери техникасының   шығыны туралы хабарлады.  Патрушев былай деді: «Украина әскерлері қарсы шабуылдары кезінде үлкен шығынға ұшырады».

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу да осы кездесуде Украина күштерінің әртүрлі майдандардағы шабуылдарын азайтып, күштерін қайта жасақтап жатқанын айтты. Шойгу: «Украинаға берілген техника мен қару-жарақ толығымен ескі және ешқандай ерекше белгілері жоқ, ресейлік күштерге үлкен қауіп төндірмейді және ресейлік әскери арнайы операциялар процесіне айтарлықтай әсер етпейді», - деп баса айтты.

 

Тегтер