Джон Керри: Ирак соғысы өтірікке негізделген
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джон Керри: "Иракқа шабуыл өтірікке негізделген",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама үкіметінде мемлекеттік хатшы болған Джон Керри: "2003 жылы Иракта болған соғыс "Бағдат жаппай қырып-жоятын қаруларды жасырып отыр" деген өтірікке негізделген",-деді.
Қазіргі таңда АҚШ-тың климаттық өзгерістер жөніндегі арнайы өкілі болып табылатын Джон Керри: "Халық сол кезде Иракқа шабуыл жасауға негіз болған құжаттың жалған екенін білмеді",-деді.
Жаппай қырып-жоятын қарулар жасайтын нысандарды жою АҚШ пен Ұлыбританияның Иракқа соғыс бастауының басты сылтауларының бірі болды. Бірақ осы екі елдің қауіпсіздік қызметтерінің уәждеріне қарамастан, Иракта бірде-бір жаппай қырып-жоятын қару табылмады.