Маусым 29, 2023 18:56 Asia/Almaty
  • Канани Швецияда Құран кітабының өртелуін қатаң айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Құран кітабының өртелуін қатаң айыптап: "Иран үкіметі мен халқы әлемдегі басқа мұсылмандар мен еркін ойлылар сияқты мұндай құрметсіздікке төзбейді және оны қатаң айыптайды",-деді.

Насер Канан Швеция полициясының исламофобтарға Құранды өртеуге рұқсат бергеніне реакциясында: "Әсіресе ислам үмбетінің қасиетті күндерінде миллиондаған мұсылман дүниежүзілік қажылық конгресіне жиналған кезде илаһи құндылықтарға құрметсіздікті қайталауға жағдай жасау – қабылдауға келмейтін, ақылға сыймайтын арандатушы әрекет",-деді.

Канани халықаралық қауымдастық пен адам құқығын қорғаушы ұйымдардың діндер мен мазхабтарға, діни тағылымдарға құрметті арттыруға бағытталған талпыныстарына тоқталып: "Илаһи кітапқа құрметсіздік көрсету – адам құқығына қайшы жиіркеніш пен қатыгездікті таратудың айқын үлгісі",-деді.  

Тегтер