Швеция полициясының Құран кітабын өртеуге рұқсат беруі басқа елдердің қатаң сынына ұшырады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі: "Қайталанып отырған бұл кекке толы әрекетті мүлде қабылдауға болмайды",-деді.
Ливан шиіттерінің жоғары исламдық кеңесі Швеция полициясының Құран кітабын өртеуге рұқсат беруін айыптап, оны ислам үмбетінің құндылықтарына ашық шабуыл деп атады.
Марокко Сыртқы істер министрлігі Швециядағы елшісін шақырып алып: "Бұл қорлыққа толы есерсоқ әрекет қажылық рәсімдерін өткізіп жатқан мұсылмандардың сезімдерін аяққа таптады",-деді.
Йеменнің Сыртқы істер министрлігі Швецияда Құран кітабына құрметсіздік көрсетілуін қатаң айыптап: "Бұған осы елдің үкіметі жауапты",-деді.
Иордания Сыртқы істер министрлігі Швецияда Құран кітабының өртелуін қабылдауға келмейтін нәсілшілдік сипаттағы арандатушы әрекет деп атады.
Ресей Президенті Владимир Путин осы әрекетті айыптап: "Ресей халқы Құранды қадір тұтады. Оған құрметсіздік көрсетуді қылмыс деп санайды",-деді.