Маусым 29, 2023 20:11 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық футбол командасы әлемдік рейтингте екі саты жоғарылады

Халықаралық футбол федерациясы ұлттық футбол командаларының жаңа рейтингін жариялап: "Иранның ұлттық футбол командасы әлемдік рейтингте өткен екі аймен салыстырғанда екі саты жоғарылап, 22-ші орынға тұрақтады",-деді.

Амир Қаленуидің шәкірттері жуырда Ауғанстан, Қырғызстан мен Өзбекстан командаларын жеңіп, CAFA турнирінің финалына жетіп, FIFA рейтингісіндегі ұпайын 1556,59-ға жеткізді.  

Сәуір айында жарияланған FIFA рейтингісінде Иран 24-ші орында тұрған еді.

 

Тегтер