Шіл 05, 2023 18:00 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы қанды демалыс: 10 адам қаза тауып, 38 адам жараланды

АҚШ қауіпсіздік қызметкерлері төртінші шілде мерекесі қарсаңында Филадельфия, Балтимор және Форт-Уэрт қалаларында болған атыс кезінде кем дегенде 10 адам қаза тауып, 38 адам жараланды деп хабарлады.

Американдық БАҚ: «АҚШ-тағы атыстардың тағы бір толқыны АҚШ президенті Джо Байденді қаруды бақылау туралы заңдарды талап етуге итермеледі»,- деп жариялады. 

Сейсенбіде жергілікті полицияның хабарлауынша, Американың Тәуелсіздік күні мерекесін тойлаған жергілікті фестивальден кейін Форт-Уэртте атыс болып, үш адам қаза тауып, сегіз адам жараланған. Филадельфияда дүйсенбіге қараған түні атыс кезінде бес адам қаза тауып, тағы екі адам жараланды, оның ішінде екі жасар бала мен 13 жасар бала, екеуі де аяғынан оқ тиген.

 

Тегтер