Шіл 15, 2023 18:09 Asia/Almaty
  • Француздық Total Energy компаниясы алдағы қыстағы Еуропаның газ қоры туралы ескертті

Француздық Total Energy компаниясының бас директоры Еуропаның газ қоры алдағы қыста бұл континент халқының қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтыны туралы ескертті.

Патрик Пуян: «Еуропадағы барлық газ қоймалары толтырылса да, бізде қысқы маусымға газ жетпей қалуы мүмкін”,- деді.Францияның Total Energy Company компаниясының бас директоры: “Әрине, бұл Еуропада газ таусылады деген сөз емес, бірақ Еуропа жоғары бағамен газ импорттауға мәжбүр болады”,- деді.  

Украина соғысы басталғаннан бері Еуроодақ Мәскеуге қарсы санкциялар енгізу арқылы Ресей газына тәуелділігін азайтуға тырысуда. Украина соғысы басталмай тұрып Еуропа газ қажеттілігінің жартысына жуығын Ресейден импорттаған.

Тегтер