Мохбер: Иран мен Ирак арасында банкаралық кедергілерді жойып, жеке сектордың белсендігін арттыру керек
(last modified Thu, 20 Jul 2023 12:02:30 GMT )
Шіл 20, 2023 18:02 Asia/Almaty
  • Мохбер: Иран мен Ирак арасында банкаралық кедергілерді жойып, жеке сектордың белсендігін арттыру керек

ИИР Вице-президенті Ирактың Еңбек министрімен кездесуінде екі ел арасында банкаралық кедергілерді жойып, жеке сектордың белсендігін арттыру керегін айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Мохбер кеше, сәрсенбі күні Джасем Сабер Ахмед әл-Асадимен кездесуінде Иран мен Ирак арасында ортақтықтардың көптігіне тоқталып, экономикалық ынтымақтастықты дамыту керегін айтып: "Ортақ еркін аймақ құру Теһран мен Бағдаттың сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейін арттыруға ықпал ете алады",-деді.

Ирактың Еңбек министрі осы кездесуде ИИР-дың Иракты қолдағанына, соның ішінде шәһид сардар Қасым Солейманидің лаңкестікке қарсы күресіне тоқталып: "Барлық салаларда осындай әріптестік пен байланыстар жалғасын таба берсін. Екі елдің ортақ бағдарламаларының орындалғанына куә болармыз",-деп үміт білдірді.     

Тегтер