Канани АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа шарасын айыптады
(last modified Fri, 21 Jul 2023 17:47:56 GMT )
Шіл 21, 2023 23:47 Asia/Almaty
  • Канани АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа шарасын айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Халықаралық теңіз ұйымының жылдық отырысын Иранда өткізуге қарсылық білдіргенін айыптап: "АҚШ-тың БҰҰ-ға қарасты техникалық ұйымдарды саяси мақсатта қолдануының шеті мен шегі жоқ",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың  Халықаралық теңіз ұйымына мүше елдердің дауысына көңіл аудармағанына тоқталып: "АҚШ-тың халықаралық заңдарға қайшы әрекеті кеңеске мүшелердің қатаң қарсылығына ұшырады. Олар АҚШ-тың ұсынысына қарсы дауыс берді немесе қалыс қалды. Ұйымның бұрынғы қаулыларына көңіл аудармау оның беделін түсіреді",-деді.

Канани: "Өкінішке қарай, АҚШ үкіметі өтірік айту, жала жабу және шындықтың өңін айналдырып көрсету арқылы өзінің заңсыз да негізсіз әрекеттерін жасыруға тырысады",-деді.

Канани: "ИИР Халықаралық теңіз ұйымының мүшесі ретінде әрдайым жаһандық теңіз қатынасында белсенді де жауапты рөл атқарып, халықаралық міндеттемелерге сай әрекет етіп келеді",-деді.  

Тегтер