Амир Абдуллахиан  Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысымен Құран Кәрімге қайта-қайта құрметсіздік білдірілу туралы сөйлесті
(last modified Sat, 22 Jul 2023 10:57:31 GMT )
Шіл 22, 2023 16:57 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан  Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысымен Құран Кәрімге қайта-қайта құрметсіздік білдірілу туралы сөйлесті

Кеше, жұма күні кешке Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Швецияда Құран Кәрімге қайта-қайта құрметсіздік білдірілуге қатысты Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Хұсейн Ибрахим Тахамен телефон арқылы сөйлесті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан бұл телефон сұхбатында Швециядағы соңғы қорлау және арандатушылық әрекетті айыптап, терең өкініш білдірумен бірге, осы құрметсіздік білдіру әрекетіне реакция білдіріп, осы маңызды тақырыпты талқылау үшін Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің шұғыл отырысын мүмкіндігінше тезірек өткізуді ұсынды.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы да Құран Кәрімге  құрметсіздік білдіру әрекетін айыптап,  осыған байланысты жасалған үндеулер мен әрекеттер туралы есеп бере отырып, осы тұрғыда және мүше елдермен кеңесіп, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің отырысын күн тәртібіне қоюға уәде берді.

Тегтер