Шіл 24, 2023 20:56 Asia/Almaty
  • Канани: Оңтүстік Корея үкіметінен Иранның активтерін босатуға қатысты іс жүзінде әрекет күтеміз

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Оңтүстік Корея үкіметінен Иранның активтерін босатуға қатысты іс жүзінде әрекет күтеміз. Бұл салада қадағалау жұмыстары жалғасып жатыр",-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күні брифингтің басында Құранды жоғары көтеріп, кейінгі кезде осы қасиетті кітапқа жасалған құрметсіздікті айыптады.

Канани Иранның Ирак пен Оңтүстік Кореядан қаржылай талаптары және АҚШ-тың осы саладағы бүлдіргі әрекеттері туралы: "Аталған талаптар – Иран халқының ажырағысыз құқығы",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Кейбір елдер АҚШ үкіметінің қабылдауға келмейтін саяси қысымдары салдарынан Иранның активтерін қайтарудан бас тартты. Немесе банкаралық қатынас мүмкіндіктері жабылып қалғандықтан, кейбір елдер, соның ішінде Ирак ниеті болса да, Иранға тиісті соманы қайтара алмады",-деді.

Тегтер