Бейжің: Вашингтон аймақтағы бейбітшілікке қатер төндіріп отыр
АҚШ-тағы Қытай елшілігінің баспасөз өкілі: "Вашингтон Тайванға қару-жарақ жіберу арқылы аймақтағы бейбітшілікке қатер төндіріп отыр",-деді.
АҚШ-тағы Қытай елшілігінің баспасөз өкілі Вашингтонның Тайванға құны 345 млн доллар тұратын әскери көмек беруге шешім қабылдағанына реакциясында: "Вашингтондағы Қытай елшілігі АҚШ үкіметін "Біртұтас Қытай" саясатын қолдап, Тайвань бұғазында текетіресті ушықтырмауға шақырды",-деді.
Бейжің үкіметі Вашингтонға Тайванға қатысты арандатушы әрекеттерден бас тарту туралы сан рет ескерткеніне қарамастан, АҚШ жұма күні Тайванға құны 345 млн доллар тұратын әскери көмек беруге шешім қабылдағанын жариялады.
АҚШ-тағы Қытай елшілігінің баспасөз өкілі: "Қытай АҚШ пен Тайвань арасында әскери қарым-қатынас болып, қару-жарақтар тасымалдануына үзілді-кесілді қарсы",-деді.