Шіл 29, 2023 19:36 Asia/Almaty
  • АҚШ Президенті кеше бір ресми рәсімде тағы ісінен жаңылды

АҚШ Президенті Джо Байден бір президенттік бұйрыққа қол қою үшін Мэн штатында барған болатын. Ол сөз сөйлеп болып, бұйрыққа қол қоймай сахнадан түсіп, жиылған адамдармен сөйлесуге кіріскен.

Президенттің көмекшілерінің бірі оған жақындап, оның қол қоюды ұмытқанын есіне салған соң Байдан сахнаға қайта көтерілді.  

Байденнің ұмытшақтығы үш жылдық президентттігі барысында сан рет ақпарат құралдарының сюжетіне айналды.

Байден АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қайтадан үміткер болатынын жариялағаннан кейін БАҚ өкілдері оның ұмытшақтығына айрықша назар аударып келеді.  

 

Тегтер