Иранның футзал командасы CAFA турнирінде жеңімпаз атанды
https://itolqyn.com/news/world-i71464
Иранның "Үміт" ұлттық футзал командасы Тәжікстан командасынан басым түсіп, Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 31, 2023 20:21 Asia/Almaty
  • Иранның футзал командасы CAFA турнирінде жеңімпаз атанды

Иранның "Үміт" ұлттық футзал командасы Тәжікстан командасынан басым түсіп, Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Иранның "Үміт" ұлттық футзал командасы CAFA-2023 турнирінің финалында  Тәжікстан командасымен ойнап, оны 1:0 есебіме жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Иран командасы бірінші кездесуінде Түркіменстанмен ойнап, одан 2:1 есебімен жеңілді, бірақ екінші ойында Қырғызстан командасын 1:0 есебімен жеңді. Үшінші ойында Ауғанстан командасымен ойнап, 5:1 есебімен басым түсті. Төртінші ойында Өзбекстанды 5:0 есебімен ұтты. Финалдық ойында Тәжікстан командасын жеңіп, CAFA жеңімпазы атанды.  

Футзалдан CAFA-2023 турнирі 23-28 шілде аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында Иран және Орталық Азияның 5 командасының қатысуымен өтті.