Там 01, 2023 23:05 Asia/Almaty
  • Астанада Қазақстан-Ауғанстан сауда форумы өтеді

3-5 тамыз арасында Астанада экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін 150 ауған кәсіпкердің қатысуымен Қазақстан-Ауғанстан сауда форумы өтеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш "Осы сауда форумына Қазақстанда тыйым салынған Талибан басшылары да қатыса ма?" деген сұраққа: "Бұл форумға Ауғанстан тарапынан экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін 150-ден аса ауған кәсіпкер қатысады деп жоспарланып отыр",-деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, бұл адамдар ешбір санкциялар тізіміне ілінбеген. Сондықтан оларға қатысты ешқандай шектеу қойылмайды.   

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Ертең келетін қонақтардың басым бөлігі Ауғанстанның сауда ортасына жатады, яғни қарапайым адамдар. Сондай-ақ Талибан тобы Қазақстанда лаңкестік топтар тізіміне енгізілмегенін еске саламыз. Қазіргі таңда Талибанды Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастау мәселесі күн тәртібіне қойылған",-деді.

Тегтер