Амир Абдуллахиан: Иран мен Пәкістан қарым-қатынасында жаңа тарау басталды
Там 03, 2023 19:17 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Пәкістанның жақын қарым-қатынасының маңыздылығына тоқталып: "Он үшінші үкімет тұсында екі көршілес елдің қарым-қатынасында жаңа тараудың негізі қаланды",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Пәкістан астанасы Исламабадта: "Пәкістан Сыртқы істер министрі мен басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулерде екіжақты саяси-экономикалық байланыстар, сауда, шекара және туризм туралы сұхбаттасамыз",-деді.
Амир Абдуллахиан: "Екі күннен бері Иранның экономикалық делегациясы Исламабадта жүр. Екі елдің экономикалық делегациялары арасында әсерлі келіссөздер өтті",-деді.
Тегтер