Ресейге айып тағылды
(last modified Fri, 04 Aug 2023 16:26:39 GMT )
Там 04, 2023 22:26 Asia/Almaty
  • Ресейге айып тағылды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы тағы да Ресейді астық мәселесін Украина соғысындағы стратегия ретінде қолданып отыр деп айыптады.

Энтони Блинкен Мәскеудің астық келісімінен шығуын Ресейдің Қара теңізбен  бопсалауы деп сипаттап, БҰҰ-ға мүше елдерден Ресейдің талабын тоқтатуды сұрады.

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы да G20 Сыртқы істер министрлеріне хатында олардан Украина астығын экспорттау туралы келісімге қол жеткізу үшін Ресейге қысым жасауды талап етті.  

Украина астығын Кара теңіз арқылы экспорттау туралы келісімге былтыр қол қойылды. Енді Ресей оны ұзартудан бас тартып отыр.

Мәскеудің осы келісімді ұзартуға қойған талаптарының бірі Ресейдің егіс өнімдерін экспорттау жолынан санкциялық кедергілерді алып тастау болды. Бірақ орындалмады.

Ресей Президенті астық келісіміне оралу шартын осы кедергілерді жою деп атады.  

АҚШ-тағы Ресей елшісі Батыс елдерінің Мәскеуге қарсы айыптарына реакциясында: "Ресей мен Украинаның астық өнімдерінің көлемін салыстыруға келмейді. Егер әлемде азық-түлік дағдарысы болса, бұған Ресейдің егіс өнімдерін экспорттауға қарсы салынған санкциялар кінәлі болады",-деді.

Тегтер