Там 09, 2023 19:19 Asia/Almaty

Иранның жасөспірімдер командасы Сербия командасынан басым түсіп, волейболдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның ұлттық волейбол командасы үшінші топтағы бастапқы кезеңді 4 жеңіс, 12 ұпаймен аяқтап, Альдо Кантони спорт залындағы соңғы ойында Сербиямен кездесті.

Иранның жасөспірім волейболшылары Сербия командасын 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шығып, үздік 8 команда қатарына қосылды.

Басқа бір кездесуде Бразилия командасы Словенияны 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалда Иран мен Бразилия командалары ойнайды.

 

Тегтер