Там 12, 2023 22:55 Asia/Almaty
  • Өткен тәулікте Мауи аралында тағы 25 адам қайтыс болды

АҚШ-тың Гавай штатындағы Мауи аралында болған өрттен өткен тәулікте тағы 25 адам қайтыс болып, құрбандар саны 80 адамға жетті.

Гавай штатының басшылары қаза болғандар саны артады деп болжап отыр, өйткені оқиғаға дейін тұрғындарға ескерту жасалмады.

Бұл аралда орман өртене бастағанына 5 күн болды. Өрт Лахайна қаласына таралды. Мауи аралындағы жүздеген адамның тағдыры әлі белгісіз. Өрт таралғанан кейін туристер мен тұрғындардың көбі аралдан қашып кетті. Мыңдаған адам әуежайларды паналады.

АҚШ үкіметі Гавайда төтенше жағдай жариялады. Осы күнге дейін Лахайна қаласында 1700 ғимарат қирады. Қаланың көне бөлігі жермен-жексен болды.

Гавай штатының губернаторы: "Қаланың 80 пайызы жойылды. Тура бір бомба түскендей. Оны қайта жөндеу үшін жылдар кетеді. Аймақтың құрғақ өсімдік жамылғысы мен жел өрттің өршуіне себеп болды",-деді.  

Тегтер