Ресейдің әскери кемелері Сириядағы ДАИШ-тың құпия базаларына зымырандық шабуыл жасады
(last modified Sun, 13 Aug 2023 18:56:34 GMT )
Там 14, 2023 00:56 Asia/Almaty
  • Ресейдің әскери кемелері Сириядағы ДАИШ-тың құпия базаларына зымырандық шабуыл жасады

Ресейдің әскери кемелері Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобының шабуылдарына жауабында осы елдің солтүстігіндегі лаңкестік топтың құпия базаларының бірін жойып жіберді.

Sputnik ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Сирияның жағалауына тоқтаған Ресейдің әскери кемелері Хомс пен Хама даласындағы ДАИШ-тың позицияларына зымыран атып, сенбі күні түнде лаңкестік топтың құпия базаларының бірін жойды.

Ресейдің ақпарат көздерінің хабарлауынша, АҚШ Сирияның шығысы, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында орналасқан ДАИШ лаңкестік тобына тағы да қолдау көрсетіп отыр.   

Тегтер