Там 14, 2023 01:50 Asia/Almaty
  • Түркіменстанда

Дүниежүзілік Каспий теңізі күніне орай Түркіменстанда дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, халықаралық ұйымдар мен шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен "Каспий теңізі – бейбітшілік пен достық теңізі" атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов "Аваза" ұлттық туристік аймағында өткен конференцияда осы теңіздегі экологиялық қиындықтар және су деңгейінің төмендегеніне қатысты алаңдаушылық білдірді.

Рашид Мередов Каспий теңізінің ең ауыр қиындығын су деңгейінің төмендеуі деп мәлімдеп: "Өткен 25 жылда теңіздегі су деңгейі шамамен 2 метрге төмендеді. Соның салдарынан су жағадан айтарлықтай алшақтап кетті. Бұл жағдай соңғы жылдары айтарлықтай артты. Теңіз жағадан жүздеген метрге алыстап кетті. Теңіздің солтүстігінде судың төмендеу деңгейі бұдан да көп",-деді.    

Тегтер