Там 16, 2023 22:55 Asia/Almaty
  • Иран балуандары әлем чемпионатында 2 алтын мен 1 күміс алды

Иорданияда еркін күрестен өткен әлем чемпионатында Иран балуандары алғашқы 5 салмақта 2 алтын мен 1 күміс алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иорданияның Амман қаласында 14-15 тамызда жастар арасында еркін күрестен әлем чемпионатында алғашқы 5 салмақ бойынша жарыс өтті. Иран командасынан Мұхаммедреза Шакери 65 кг салмақта, Абулфазл Бабалу 97 кг салмақта алтын алса, Әли Резаи 70 кг салмақта күміс жүлдеге ие болды.  

Жарыстың соңында АҚШ командасы 95 ұпаймен бірінші орынға, Иран 80 ұпаймен екінші орынға және Үндістан мен Түркия командалары 45 және 40 ұпаймен үшінші және төртінші орындарға тұрақтады.

Тегтер