Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға симуляциялық ядролық шабуыл жасады
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы елдің армиясы Оңтүстік Кореяның АҚШ-пен авантюралық басқыншылық маневрлеріне реакциясында Оңтүстік Кореяға симуляциялық ядролық шабуыл жасады.
Iran Press ақпарат агенттігінің Солтүстік Кореяның KCNA ресми ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Солтүстік Кореяның армиясы сәрсенбі күні кешке Оңтүстік Корея армиясының әскери әуежайлары мен негізгі командалық орталықтарына шабуылдарды модельдейтін тактикалық ядролық оқу-жаттығуын өткізді.
Мәлімдеме бойынша, Солтүстік Корея армиясының тактикалық-ядролық бөлімшесі, түбек көгінде 400 метр биіктікте алдын ала белгіленген нысанаға екі баллистикалық зымыран атты.
Бұл әскери жаттығу сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның қырғи ұшақтары мен АҚШ-тың В-1В стратегиялық бомба атқылаушыларының "Ульчидің еркіндік қалқаны" атты бірлескен әскери жаттығу барысында ұшқанына реакция ретінде өткізілді. АҚШ-тың В-1В стратегиялық бомба атқылаушылары ядролық қарулар тасымалдай алады. Олар 2022 жылы қарашада Вашингтонның Оңтүстік Кореямен бірге өткізген әскери жаттығуларына қатысқан.