Там 31, 2023 17:36 Asia/Almaty
  • Захарова Боррельдің русофобиялық сөздерін айыптады

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельдің русофобиялық сөздерін айыптап: "Боррельдің сөздері – Еуропа одағының басшылары деңгейінде нацистердің қылмыстық ойларын қайталау",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мария Захарова: "Жозеп Боррельдің Ресей халқын дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардан мақрұм қалдырамыз деп сес көрсетуін қабылдауға келмейді. Бұл Еуропа одағының басшылары арасында неонацистік ойлар барын көрсетеді",-деді.

Захарова Еуроодақтың санкцияларын үрей тудыру мен бопсалау құралы деп атады.  

Захарова: "Ленинградтың қоршауға алынған кезін оның есіне салу керек шығар. Нацистерде осындай идея болған. Олар осы қаланың тұрғындарын азық-түліктен мақрұм қалдырып, халықтың қырылуына куә болды",-деді.

Тегтер