Қыр 07, 2023 16:47 Asia/Almaty
  • Кремль Армения мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығуына алаңдаушылық білдірді

Армения Қорғаныс министрі: "Қарулы күштерді халықаралық бейбітшілікті сақтау миссияларына қатысуға дайындау мақсатында Ереван үкіметі келесі аптада АҚШ-пен ортақ әскери жаттығу өткізеді",-деп мәлімдеді.

Ақпарат көздерінің Ереваннан хабарлауынша, осы елде 11-20 қыркүйекте АҚШ-пен ортақ әскери жаттығу өтеді.

Reuters ақпарат агенттігінің Армения Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, "Eagle Partner-2023" әскери жаттығуын өткізудегі мақсат – Армения күштерін халықаралық бейбітшілікті сақтау миссияларына қатысуға дайындау.

Кремльдің баспасөз өкілі Дмитрий Песков Армения мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығуы өтетініне реакция білдірді.

Дмитрий Песков сәрсенбі күні: "Дәл қазіргі жағдайда мұндай хабар алаңдататыны анық. Сондықтан мұны терең сараптап, жағдайды бақылайтын боламыз",-деді. 

Тегтер