Қыр 08, 2023 16:33 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Сирияға қатысты жиналыстардың әсерін арттыруды талап етті

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында: "ИИР осы кеңестен Сирияға қатысты жиналыстардың әсерін арттыруды тағы да талап етеді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің Нью-Йорктен хабарлауынша, Амир Саид Иравани Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда химиялық қарулардың қолданылғаны туралы ескі істі қарау үшін өткен ай сайынғы жиналысында: "Бүгінгі жиналыста бұрынғы уәждердің қайталануы, елеулі өзгерістер мен айтарлықтай ілгерілеушіліктің болмауына байланысты мұндай ай сайынғы тұрақты жиындардың тиімсіздігі тағы да көрсетілді",-деді.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: "Кейбір мүшелер тарапынан бірнеше рет айтылғандай, Сирияға қарсы айыптаулар мен позицияларды қайталау үшін айына бір рет жиналыс өткізу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жалпы тиімділігіне  еш көмектеспейді",-деді. 

Тегтер