Қыр 09, 2023 12:30 Asia/Almaty
  • Лавров: Украина Түркияға баратын газ құбырларын жаруды көздеп отыр

Ресейдің Сыртқы істер министрі жұма күні Украина Түркия мен Еуропаның бір бөлігіне табиғи газ тасымалдайтын екі газ құбырын жаруды көздеп отырғаның мәлімдеді.

 

Бангладеште болған Лавров Ресейде Украинаның су астындағы инфрақұрылымға шабуыл жасауды жоспарлап отырғаны туралы жеткілікті дәлелдер бар екенін айтты. Ресей Сыртқы істер министрі украин күштерінің «Түркістрим» және «Блюстрим» құбырларының айналасында патрульдеп жүрген әскери кемелерге шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді. Ол Ресей Қара теңіздегі осы аймақтарды қорғау үшін патрульдік бөлімшелерді жібергенін қосты, өйткені Украинаның бұл құбырларды «Солтүстік ағын» құбыры жарылғаны сияқты жарып жіберуге әрекеттеніп жатқанын көрсететін ақпарат бар.

 

Тегтер